Хабарландыру
Конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Орналасқан жері: 080007, Тараз қаласы, «Жайлау» мөлтек ауданы №17, тел 34-23-49, Sad_2808@mail.kz
Байланыс нөмері: 8(7262)34-23-49; 87771468344
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№28 бөбекжай -бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»
Бос лауазым атауы: тәрбиеші
Негізгі функционалдық міндеттері:
1.Балалардың денсаулығын сақтау және қорғау қызметін қамтамасыз ету;
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асыру;
3. Пәндік – дамытушылық ортаны қалыптастыру, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік ету;
4.Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу – әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие –білім беру жұмыстарын жоспарлайды.
5.Ата – аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсету;
6.Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау;
Еңбек ақы мөлшері: 119914 тг
Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:
-жоғары педагогикалық немесе арнайы орта кәсіптік «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі;
-еңбек өтілі 2 жылдан жоғары;
-компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық –коммуникациялық құзреттілікті жақсы меңгерген.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.05-02.06.2022 жыл
Қажетті құжаттар:
1.Жеке басты куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты, еңбек өтілі жоқ болса;
11) түйіндеме;
12) Бағалау парағы (11- қосымша)
Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.05.2022-02.06.2022 жыл аралығында