15
ноябрь
2019
Ұлы халықтың-ұлы Абайы
№28 бөбекжай - бақшасы мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі бірлескен "Ұлы халықтың-ұлы Абайы" атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Мұнда білімгерлер "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай" әндерін баянмен сүйемелдеу арқылы орындады. Тәрбиеленушілер Абай өлендерін мәнерлеп оқыды. "Он жетінші қара сөзіне" көрініс көрсетті. Ата-аналармен балаларға қолжетімді жерде "Абай Құнанбайұлына 175 жыл" атты көрме жасақталды.






