Хабарландыру » №28 бөбекжай - бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№28 бөбекжай - бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-23-49
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-48-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
июль
2022

Хабарландыру

Конкурс  өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Орналасқан жері: 080007, Тараз қаласы, «Жайлау» мөлтек ауданы №17, тел 34-23-49, Sad_2808@mail.kz 

Байланыс нөмері: 8(7262)34-23-49; 87771468344

Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының  білім бөлімінің «№28 бөбекжай -бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»

Бос лауазым атауы: тәрбиеші

Негізгі функционалдық міндеттері:

1.Балалардың денсаулығын сақтау және қорғау қызметін қамтамасыз ету;

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу  қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асыру;

3. Пәндік – дамытушылық ортаны қалыптастыру, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік ету;

4.Жалпы білім беретін оқу   бағдарламаларын, оқу – әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие –білім  беру   жұмыстарын жоспарлайды. 

5.Ата – аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған  сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсету; 

6.Балалардың   құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау;

Еңбек ақы мөлшері: 119914 тг

Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары: 

-жоғары педагогикалық немесе арнайы орта кәсіптік «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі;

-еңбек өтілі 2 жылдан жоғары;

-компьютерлік   сауаттылықты және ақпараттық –коммуникациялық құзреттілікті жақсы меңгерген.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.07-25.07.2022 жыл     

Қажетті құжаттар:

1.Жеке басты куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін); 

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты, еңбек өтілі жоқ болса;

11) түйіндеме;

12) Бағалау парағы   (11- қосымша)






Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.07.2022-25.07.2022 жыл аралығында 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив