ХАБАРЛАНДЫРУ
Конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Орналасқан жері: 080007, Тараз қаласы, «Жайлау» мөлтек ауданы №17, тел 34-23-49, Sad_2808@mail.kz
Байланыс нөмері: 8(7262)34-23-49; 87771468344
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№28 бөбекжай -бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»
Бос лауазым атауы: қосымша білім беру педагогы
Негізгі функционалдық міндеттері:
1.Мекемеде балалардың денсаулығын қорғау қызметін нұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады;
2. Балаларға алғашқы көмек көрсетеді;
3. Балалардың психикалық және дене дамуына, денсаулығын нығайтуға әсер ететін кешенді іс-шаралар үнемі медбикемен бірлесе атқарады;
4. Эксперимент жасау қабілеттерін қалыптастыруда педагогикалық әрекеттерді дамыта түседі;
5. Балалармен жүргізілетін ҰІӘ-ті эксперименттік тұрғыда жоспарлап, ұйымдастырады;
6. Ата-аналармен, педагогтармен жұмыс жүргізеді;
7. Жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып педагогикалық іс-әрекетті жоспарлап, анықтайды;
8. Әркезде өзінің кәсіби шеберлігінің өсу деңгейін бақылайды;
9. Бөбекжай-бақшада жылдық жоспар бойынша, эксперименттік алаңның жоспары бойынша ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға, педагогикалық кеңестерге қатысады;
10. Республика, облыс, қала көлемінде ата-аналарға, педагогтарға өзінің біліктілігін көрсетіп, ұсынады.
11. Ұжымда жағымды эмоцианалды- психологиялық жағдаят тудырады.
Еңбек ақы мөлшері: 100000тг(еңбек өтілі, біліктілігі, біліміне қарай)
Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:
-жоғары педагогикалық немесе арнайы орта кәсіптік «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі;
-еңбек өтілі 2 жылдан жоғары;
-компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық –коммуникациялық құзреттілікті жақсы меңгерген.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.10-04.11.2022 жыл
Қажетті құжаттар:
1)Өтініш
2)Жеке басты куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және сурет;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі(түп нұсқасы және көшірмесі)
5) еңбек қызметін растайтын құжат(түп нұсқасы)
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
10) Бағалау парағы (11- қосымша)
Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.10.2022-04.11.2022 жыл аралығында