Хабарландыру » №28 бөбекжай - бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№28 бөбекжай - бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 34-23-49
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-48-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Хабарландыру
10
октябрь
2022

Хабарландыру

Конкурс  өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Орналасқан жері: 080007, Тараз қаласы, «Жайлау» мөлтек ауданы №17, тел 34-23-49, Sad_2808@mail.kz 

Байланыс нөмері: 8(7262)34-23-49; 87776500215

Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының  білім бөлімінің «№28 бөбекжай -бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»

Бос лауазым атауы: эксперименттік алаң әдіскері

Негізгі функционалдық міндеттері:

1.Балалардың денсаулығын сақтау және қорғау қызметін қамтамасыз ету;

2. Эксперименттік алаң қызметінің перспективалық және ағымдағы жоспарын құруды ұйымдастырады. 

3.Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту тәрбиелеу бағдарламасын орындау барысында бекітілген эксперименттік топтардың жұмысын үйлестіріп, жүзеге асыруын қадағалайды.

4. Оқыту білім беру үрдісінің сапасын қамтамасыз етеді, осы жұмыстар нәтижесін шынайы бақылайды.

5. Оқу тәрбие жұмысының бағдарламасын жасайды, тәжірибесін жинақтайды, әдістемелік құралдар құрастырады.

6. Қызметкерледің инновациялық бағдарламамен технологияны игеруіне көмек беріп жұмысты жоспарлау мен кәсіби оқытуды басқарады.

7. Қосымша білім беру педагогтарының оқу жүктемемесін бақылап, ол үшін жауап береді.

9. Тәрбие жұмысының есебін беру құжаттарын дер кезінде жасауды қамтамасыз етеді.

10. Оқу тәрбие үрдісін жетілдіру туралы өз ұсыныстарын жасайды.

11. Эксперименттік алаң топтарды заманауи құрал – жабдықтармен көрнекіліктер мен , техникалық құралдармен, әдістеме бөлмесінің кітапханасын, көркем әдебиетпен, журнал газеттермен толықтыру іс- шараларына қатысады.

12. Өзінің кәсіби өсуін қадағалап, өз білімін жетілдіріп , курстар мен семинарларға қатысады.

13. Өзінің педагогикалық қызметін, мекеме педагогтерінің іс-тәжірибесін әріптестеріне, балалардың ата-аналарына, қала, аудан, мектепке дейінгі мекемелерге ұсынып, таратады. 

Еңбек ақы мөлшері: 120000 тг, еңбек өтілі, біліктілігі және біліміне қарай.

Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары: 

-жоғары педагогикалық немесе «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі;

-компьютерлік  сауаттылықты және ақпараттық –коммуникациялық құзреттілікті жақсы меңгерген.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.10.2022-18.10.2022 жыл    

Қажетті құжаттар:

  • Өтініш
  • Жеке басты куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін); 
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Ұлттық біліктілік  тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  •  Бағалау парағы  (11- қосымша)
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив