Хабарландыру
Конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Орналасқан жері: 080007, Тараз қаласы, «Жайлау» мөлтек ауданы №17, тел 34-23-49, Sad_2808@mail.kz
Байланыс нөмері: 8(7262)34-23-49; 87771468344
Мекеме атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№28 бөбекжай -бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»
Бос лауазым атауы: Әдіскер
Негізгі функционалдық міндеттері:
- Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады.
- Оқу - әдістемелік құралдармен, ойындармен, ойыншықтармен топтарды жабдықтауды ұйымдастырады.
- Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды.
- Тәрбиешілер үшін семинарлар, жеке және топ бойынша консультациялар, конкурстар мен көрмелер өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады.
- Тәрбиешілердің, психологтың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық –педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді.
- Біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), педагогтарды аттестаттау бойынша жұмысты үйлестіреді.
Еңбек ақы мөлшері: 150000 тг
Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:
-жоғары педагогикалық
-еңбек өтілі 5 жылдан жоғары;
-компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық –коммуникациялық құзреттілікті жақсы меңгерген.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.10.2022-18.10.2022 жыл
Қажетті құжаттар:
1) Өтініш
2)Жеке басты куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Бағалау парағы (11- қосымша)